Ақтөбелік полицейлер университет қызметкерлеріне киберқылмыстан қорғанудың негіздерін үйретті

Шеберлік сабағына жоғары оқу орнының менторлары қатысты. 

Олар студенттермен тікелей жұмыс істейтін, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерге жауапты мамандар саналады. Тәртіп сақшылары жұмыссыз жастардың ақша табудың оңай жолын іздеп, көбіне делдалдық қызметке түсіп кететінін айтты. Яғни олар алаяқтарға жеке есеп шотын беріп, дропперге айналып жатады. Ал бұл заңмен қудаланады. Жалпы биыл облыс бойынша 29 студент, 155 оқытушы мен мұғалім интернеттегі алаяқтың құрбаны болған.

Бекарыс Олжабаев, Жоғары оқу орнының департамент директоры:

- Менторлардың негізгі міндеті - студенттермен байланыс. Олардың оқу үлгерімі, олардың тәрбиесі, оларға менторлық сабақтарды өткізу, құқықбұзушылықты алдын алу. Осы барлық студентпен байланыс, процесстерді осы менторлар жүргізеді. Сондықтан да осы менторлардың кәсіби құзіреттілігін көтерейік деген ниетпенен бүгін департамент өкілдерін шақырып, шеберлік сағатын ұйымдастырып жатырмыз.