ҚазҰУ табалдырығын 6000 студент аттады

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті цифрлық технологияларға басымдық береді. Бұл туралы жастарды студенттер қатарына қабылдау кешінде айтылды.

Университетте «Цифрлық технологиялар және робототехника» институты жұмыс істейді. Бүгінгі салтанатты жиынның өзін бастан-аяқ жасанды интеллект жүргізді. Мерекелік кеште жастарға «Жасанды интеллект, ғылым, инновация», «Таза Қазақстан» және «Кітап оқитын ұлт» жобалары таныстырылды. 

Қуаныш Тастамбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры:

- Бізде бірінші рет бүкіл іс-шара осындай жасанды интеллект жүргізушісі арқылы өтіп жатыр. Жасанды интеллектінің, біріншіден, факультеті бар. Бізде ғылыми-зерттеу институты бар. Бұл – бүгінгі ғана нәтиже емес, бір жылдық жұмыстарының бәрін өнім ретінде шығару.

Сондай-ақ оқыңыз: