Әлеуметтік желі – ақпарат алаңы
Әлеуметтік желі - ақпарат алаңы. Ал оны ұтымды пайдалану жолдары қандай?
Бұл сауал бүгін Назарбаев университетінде өткен басқосуда талқыланды. Студенттер, оқытушылар қауымы мен медиа саласының өкілдері бас қосып, тақырып аясында ой бөлісті. Белгілі журналист, 24KZ телеарнасынан көрсетілетін «Президент» жобасының авторы әрі жүргізушісі Әділ Балтабаев та түйген-білгенін ортаға салды. Ол желіде пайдалы контент жасау, өзіндік қолтаңба қалыптасыру бойынша шеберлік сабағын өткізді. Тағылымды іс-шара «Хабар» Агенттінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Әділ Балтабаев, Рresident жобасының авторы әрі жүргізушісі:
- Қазіргі таңда бұл тақырып өте өзекті. Өйткені болмашы ғана ақпарат адамға зиянын тигізеді немесе керісінше одан жұлдыз жасайды. Студенттердің тарапынан қызығушылық қатты байқалды. Олар іркіліп қалмай, толғандырған сұрағын қойды. Қазіргі жастарға біреудің ойын таңу оңай емес, олардың сыни ойлай алатыны қуантады.