Елде 16 млн га алқаптан өнім алу жоспарланып отыр

Егін ору жұмыстары еліміздің әр өңірінде қарқынды түрде жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардан 16 млн гектар алқаптан өнім алу жоспарланып отыр. Бүгінде оның 13 млн гектары, яғни жалпы егіс алқаптарының 83%-ы орылған. Нәтижесінде 20 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұған қоса, диқандар 1 жарым млн тонна майлы дақыл, гектарына 228 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 300 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинаған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Әкімдіктерге қазіргі егін жинау уақытын аяқтап, әрбір қолайлы күнді барынша тиімді пайдалану маңызды. Сонымен қатар егін астығын, элеваторларды үздіксіз қабылдап, тиісті жағдайларды қамтамасыз ету қажет. 2026 жылы егінге тұқымды толтыруға ерекше назар аудару керек. Егін жинау жұмыстары тұрақты бақылауда. Барлық мәселелер жедел штаб отырысында қаралып шешілуде.