Көмір бағасы қадағаланады
«Халыққа арналған көмір бағасының тұрақты болуын бақылауда ұстау қажет».
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелеріне жылу беру маусымын тікелей бақылауға алуды тапсырды. Айта кетейік, биыл елдің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақытылы басталды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, елдің оңтүстігінде жылу бекітілген кестеге сәйкес беріледі. Жалпы бұған дейінде вице-премьер қысқа дайындықты пысықтап, жөндеу жұмыстары жайлы баяндаған. Үкіметтің өткен отырсынан бері 1 энергоблок, 10 қазандық, 12 турбина және 29 шақырым жылу желісі жөнделген. Жылу маусымын жоспарлы өткізуді бақылау мен үйлестіру – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға тапсырылған.