Жетісулық оқытушылар ЖИ меңгере бастады
Жетісулық колледж оқытушылары жасанды интеллектіні меңгере бастады.
Оларға ақылды жүйені үйрету мақсатында Талдықорғандағы колледждердің бірінде арнайы семинар өтті. Онда жаңа технологияны білім беруде қолданудың маңыздылығы туралы айтылды. Әрі оны оқу үрдісіне енгізу жайы түсіндірілді. Нақты айтқанда интерактивті құралдарды пайдалану, көрнекілік материалдар дайындау және оқу процесін жетілдіру бойынша тиімді тәжірбиелік әдістер көрсетілді.
Ләззат Ізбасарқызы, колледж мұғалімі:
- Осы семинар барысында бірнеше жаңа платформалармен таныстық. Жаңа платформаларды енді өзіміздің жұмыс барысында қолданысқа енгізіп, колледжде білім беру мақсатында қолданам деген мақсаттамын.