Қызылордадағы мектепте заманауи оқу кабинеттері ашылды
Қызылордадағы №197 мектепте заманауи оқу кабинеттері ашылды. Білім ордасы инновациялық бағытта дамып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ден қойған.
Мұнда информатика, робототехника, STEM және цифрлық сауаттылық кабинеттері жұмыс істейді. Робототехника кабинетінде 3D принтер, дрондар мен Lego Spike сынды құралдар бар. Сондай-ақ оқушыларға арналған «Робо-код», «3D жобалау» және «Бағдарламалау» секілді тегін үйірмелер жұмыс істейді. Бұл бастамалар жасөспірімдердің инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.