Былтыр 5,9 млн тонна бидай экспортталды

Былтыр біздің ел 12 млн тонна көлемінде астық экспорттады. Бір ғана бидайдың өзінен 6 млн тоннасы сыртқа сатылды. Бұл орайда, яғни астық нарығында  жағдай құбылмалы болып тұрады. Өйткені дәл іргемізде екі ірі экспорттаушы Ресей мен Украина бар. Дегенмен Қазақстан өнім өндірумен қатар экспортта да ұтымды жол тауып келеді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне қарағанда өткен бес жылдағы статистикаға зер салсақ, 2020-шы жылы 5,2 млн тонна, ал 2021-ші жылы 5,7 млн тонна өнім сатылған.

Одан кейін күрт өсім байқалады. 2022 жылы 6 млн тоннадан жоғарыласа, бір жылдан соң 7 млн тоннадан асып жығылған. Былтыр Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Италия мен Қытайға тауар тасымалдау қарқыны бәсеңдеді. Ал Туниспен сауда-саттық жасалмаған. Бұл біздің елдің шикізаттан көрі дайын өнімге көше бастағанын көрсетеді.