Алматыда реципиенттер, донорлар мен дәрігерлер арасында боулингтен жарыс өтті
Алматыда реципиенттер, донорлар мен дәрігерлер арасында боулингтен жарыс өтті. Шара Еуропалық донор күніне орайластырылды.
«Алғыс турниріне» 8 команда іріктеліп, 40-тан аса адам қатысты. Жеңімпаздарға арнайы сертификат пен медаль табысталды. Қазір елде ағза алмастыруға мұқтаж адамдардың саны жыл сайын артып келеді. Нақтырақ айтсақ, 4 мыңнан аса адам мәйіттік донор кезегінде тұр. Оның 3600-і бүйрекке мұқтаж. Кезек күткен пациенттердің 121 бала. Жарысты ұйымдастырушылар өзекті мәселеге қоғамның назарын аударғысы келеді.
Гүлдана Байшуақова, рецепиент:
- Әкеме және барлық донорларға алғыс айтамын. 18 жасымда бүйрегім отказ берген кезде әкем ойланбастан бір емес, өзінің екі бүйрегін де маған беремін деп айтқан болатын. Сондықтан өзінің қызына өзінің етінің бір бөлшегін кесіп беру, ол кез-келген адамның қолынан келе бермейді.
Жәнібек Бердікеев, қала тұрғыны:
- Қазір жастардың, балалардың бүйрегі көп істемейді. Егер өзіңді донор ретінде кіргізіп, қабылдаса сол кезде мен бірден мүмкін бүйрегім жарамаса да мүмкін бауырым жарайды, мүмкін жүрегім жарайды дегендей. ЭЦП арқылы кіріп, түгел рұқсатымды беріп қойғанмын.