Елде тұрғын үй қорында 59 201 көппәтерлі үй бар
Мамандардың пайымынша, заңдағы толықтырулар азаматтардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастырып, қауіпсіздік жайын пысықтау үшін қажет.
Осы ретте мына деректі назарларыңызға ұсынамыз. Ресми статистикаға сүйенсек, елде тұрғын үй қорында 59 201 көппәтерлі үй бар. Соның 46 241 басқаруға жатады. Соның 8271-інде мүлік иелерінің бірлестігі, 3114-інде пәтер иелерінің кооперативі, ал 557-ісінде жеке басқарушы ұйым қызметін жүргізіп отыр.
Тұрғын үй қоры - 59 201 көппәтерлі үй
Басқарылады - 46 241
Мүлік иелерінің бірлестігі - 8271
Пәтер иелерінің кооперативі - 3114
Жеке басқарушы ұйым - 557