Бірлік пен рухтың мерекесі. Сауалнама

Республика күні – бірлік пен рухты нығайтатын мереке. Сондықтан бұл күнді  ерекше жауапкершілікпен атап өткен дұрыс дейді жезқазғандықтар.

Әсіресе ел болашағы – жастардың арасында мерекенің тарихын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарды сақтауға және жаңа жетістіктерге ұмтылуға тәрбиелеу  маңызды. Себебі ата-бабасының азаттық жолында жүріп өткен жолын ұғынған жастар туған жерінің өркендеуі үшін аянып қалмайтыны сөзсіз.