Қ.Тоқаев Түркия халқын Республика күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Түркия халқын Республика күнімен құттықтап, Президенті Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерекені «Түрік халқының бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілігі мен тұрақты дамуының мызғымас тұғыры» деді. 

Жеделхатта: «Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Түркия саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық салаларда биік белестерді бағындырып, халықаралық қауымдастықтың қуатты әрі беделді мүшесіне айналды» делінген.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мәңгілік достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген қарым-қатынас – халықтарымыздың игілігі жолында ілгерілей беретініне сенім білдірді. Ол Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Түркия халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: