Тәуелсіздік бойтұмары. Блиц

25 қазан - Республика күні. Қазақ елі бұл күнді ерекше қадірлеп, бар сән-салтанатымен тойлайды. Өйткені Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Ұлттық мереке қарсаңында президент жарлығымен елдің дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан, белсенді қоғамдық қызметімен танымал азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталады.

Мемлекеттік органдарда Республика күніне орай ресми мерекелік іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар концерт, фестиваль, флешмобтар ұйымдастырылады. Ұлттық спорт түрінен сайыстар мен түрлі жарыстар өтеді. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов, Сержан Жұмабаев