Жас ғалымдарға пәтер кілті табысталды

24kz

Республика күні қарсаңында 16 жас ғалым баспаналы болды.

Пәтер кілттерін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек салтанатты түрде табыс етті. Министр өз сөзінде жас ғалымдардың өмір сапасы мен әлеуметтік әл-ауқаты Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті. Бұл мемлекетіміздің жас зерттеушілерге көрсетіп отырған жүйелі қолдауының көрінісі, деді ол. Кейінгі жылдары елде сала мамандарын әлеуметтік қолдаумен қатар, олардың ғылыми ізденістерін коммерцияландыру артты.

Сәбина Мыңбаева, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері