Шымкентте шеберхана мен зертханалар жаңғыртылуда
Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беретін колледждердің шеберханасы және зертханасы жаңғыртылып жатыр. Енді студенттерге оқу мен тәжірибені ұштастырып, сапалы білім алуына мүмкіндік бар.
Өңірде жұмысшы мамандықтарына сұраныс артты. Оқу орындарында шеберлік сағаттары жиі ұйымдастырлады. Одан бөлек, ұстаздардың біліктілігін арттыру курстары өтеді. Жалпы қалада 43 колледж бар, оның 12-сі жекеменшік. Біразы кәсіпорындармен келісімге отырып, студенттерге өндірісте тәжірибе жинауына мүмкіндік жасаған.
Мадина Омарова, колледж директорының орынбасары:
- Біз 1-курста қаладағы барлық тамақтандыру мекемелеріне экскурсияға апарамыз. Сонымен қоса осындай мастер класстарға қатыстыра отырып, балалардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырамыз. Сұраныс өте көп біздің мамандықтарға. Оның ішінде «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «нан, макарон және кондитер өндірісі», «маркетинг» саласы. Биыл бізде тағы да бір мамандыққа сұраныс болып, «бармен-бариста» деген бір топ ашып отырмыз.