Өскеменде инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр
Өскеменде «Халық қатысатын бюджет» жобасымен 40-тан астам тұрғын үйдің ауласы жөнделген.
Қаланы көгалдандыру мен инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Көлік санының артуына байланысты, автотұрақты кеңейту жоспары бар. Үйлердің айналасын абаттандыру кезінде тұрғындардың талап-тілегі ескеріледі.
«Қаладағы мына үйлер өткен ғасырдың орта тұсында салынған. Көлік тұрағы жетіспейді, ойын алаңдары да ескірген. Қала аумағы кеңейіп, халық саны өскен сайын қиындық көбейді», - дейді тұрғындар.
Көпқабатты үйлердің ауласы тұрғындардың қалауы бойынша жаңғыртылады. Арнайы сауалнама жүргізіліп, көпшіліктің пікірі ескеріледі.
Алдағы көктемде сіздер осында сенбілік ұйымдастырып, мені соған шақырыңыздар. Сосын қай жерге аяқжол қажет, орындықтарды қайда орнатамыз, workayt түсетін жерді ақылдаса отырып, бірге анықтаймыз.
Қалада «Халық қатысатын бюджет» бағдаралмасы аясында тұрғындардың ұсынысымен 42 аула жаңартылып, 17 ойын, 8 спорт алаңы салынды. Орталықта жаңа саябақ салынып, қалаға кіре берістегі таулы аумақта серуендеу алаңы ашылды. Аллеяның құрылысына жергілікті бюджеттен 150 млн теңге қаржы жұмсалды. Енді кәсіпкерлер туристік кластер құрмақ.
Ержан Ибраев, қалалық ТҮКШ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Мұндағы аулалар толық абаттандырылды. Жақын арада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін камералар орнатылады. Біз оны сенімгерлік басқаруға беру үшін құжаттаманы дайындап қойдық. Барлық аула коммерциялық басқаруға беріледі.
«Өскеменде жол инфрақұрылы да жаңғыртылады. Ресми мәлімет бойынша қала көшелерінде күн сайын 132 мыңнан астам көлік жүреді. 50 жыл бұрын салынған көпірлер мен өткелдер мұндай көлік ағынын өткізуге қауқарсыз. Тәулігіне 70 мыңнан астам көлік өтетін Ертіс көпірінің астынан 7 мың көлікке арналған қосымша өткел салынады. Бұл кептелісті азайтады», - дейді жауаптылар.
Сергей Коваленко, қалалық Полиция басқармасының Жол-техникалық инспекция бөлімінің басшысы:
- Бұл техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау барысында көлік кептелісін кем дегенде 15 пайызға дейін азайтады деп есептелген. Кейін жүргізушілер қосымша өткелдің тиімділігін түсінген кезде көпір үстіндегі қозғалыс 18-20 пайызға дейін төмендейді деп сенеміз.
Ал келесі жылы қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес, ең маңызды жоба жүзеге асырылады. Ертіс өзені арқылы өтетінкөпірдің құрылысы басталады. Көпірдің үстіндегі жол 6 жолақты болады.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин