Автожолдарда қауіпсіздік күшейтілді

Автожолдар қауіпсіздік талаптарына сай ма?

Биыл республикалық маңызы бар жолдарда 630 мыңнан астам белгі орнатылып, 35 мың шақырым жолақ жаңартылды. 320 шақырым жолға жарық шамдары қойылды. Жыл аяғына дейін шамамен 1 мың шақырым автожол бірінші және  екінші санаттарға ауысады. Бұл – қозғалыс қауіпсіздігін күшейтуі тиіс. Қазір ел бойынша 3,6 мың шақырым жол І санатқа, ал 6,2 мың шақырым жол ІІ санатқа жатады. Биыл тас жолдарда жаяу жүргіншілерге арналған 4 жолүсті өткелі салынып, жалпы саны 34-ке жетті. Қосымша 76 мал айдау өткелі салынып, ұзындығы 285 шақырым болатын қоршау тор орнатылды. Бүгінде жалпы 383 мал айдау өткелі мен 2,2 мың шақырымнан астам қауіпсіздік қоршауы бар.

2025 жыл

630 000 жол белгісі орнатылды

35 000 км жолақ жаңартылды

320 км жол жарықтандырылды

1000 км жол І, ІІ санатқа ауысады

4 жаяу жүргінші өткелі салынды

76 мал айдау өткелі салынды

285 км қоршау орнатылды  

Техбайқау операторларына талап қатаң  

Айта кетейік, биыл 5 сәуірден бастап техникалық байқау операторларына қойылатын талап күшейді. Біз ел ішінде көп еститін "формалды түрде" техбайқау өткізгендердің қызметі енді 3 жылға дейін тоқтатылады. Жолдағы қауіпсіздікке қатысты 59 нормативтік құжат қайта қаралды. Қазір саланың бес жылдық стратегиясы әзірленіп жатыр. Мақсат - мемлекеттік органдардың нақты міндеттерін белгілеп, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу.