Жер қойнауы кодексі жетілдірілді

Уран өнеркәсібінде мемлекеттің мүддесі қорғалуы тиіс. Мәжіліс жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасын қарады.

Кодексте саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға да басымдық берілген. Сондай-ақ бақылау әрін нақтылау үшін бірыңғай портал енгізіледі. Жер қойнауының заманауи картасын жасау да – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыда бағалау цифрлық құралдар арқылы ғана мүмкін. Президент соны пайдалануды тапсырған болатын. Бұдан бөлек құжатта аукцион өткізу тәртібі, лицензия беру талабы мен биржада бағалы қағаздарды сату ережесі де бекітілді.