Түрікменстанмен қылмысқа қарсы бірлескен құжат бекіді

Ел үкіметі Түрікменстанмен құқық қорғау бойынша ынтымақты нығайтты. Енді тараптар ұйымдасқан қылмыс, терроризм және экстремизм әрі соларды қаржыландырумен бірлесе күреседі.

Құжатқа есірткі, қару-жарақ, көші-қон және адам саудасына байланысты тетіктер де енген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, экономикалық және киберқылмыстар бағытындағы шараларды ширату көзделіп отыр. Сенат: «Заң екі мемлекет азаматтарының құқы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз етеді», – дейді.

Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Барлық қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ұлттық негізін құрайды. Келісім халықаралық шарттарға және ҚР-ның заңнамасына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта осындай келісімдер 23 елмен күшіне еді.