ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Шығыс Қазақстанда «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жоба облыста 3 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында 4,5 миллиард теңгеге 400 жоба мақұлданған.

Өз ісін бастағандар жылдық мөлшерлемесі 2,5%-тік жеңілдетілген несие алды. Бағдарлама аясында туристік нысандар мен демалыс базалары ашылды. Мал шаруашылығы және тоғанда балық өсіру кәсібін қолға алғандар бар. Қазір   Президент тапсырмасына сай қайта өңдеу саласы мен кластерлік өндіріске басымдылық берілетін болды. Сүт және ет өнімдерін өндірушілердің өтінімі  бірінші кезекте қарастырылады.

Дидар Мажиринов, «Ертіс» ӘКК департамент директоры:

- Биыл әрбір ауылдық округте кәсіпкерлікті дамытудағы ең қажетті бағыттар анықталады. Мәселен, туризмді дамытуға мүмкіндігі зор аумақтарда дәл осы салаға қатысты жобалараға мән береміз. Ал кейбір аудандарда мал шаруашылығын өркендеткен тиімді. Ол да ескеріледі.