Таразда мектептер қашықтан оқытуға көшті
Таразда да эпидемиялық ахуал күрделеніп, 12 мектеп онлайн форматқа көшті. Бұған дейін Талас және Меркі ауданындағы бірнеше білім ошағы қашықтан оқытуды бастаған еді. Қаладағы мың орындық жұқпалы аурулар ауруханасының 90 пайызы толды.
Төсек орын жетпегендіктен, жаңадан түскен науқастар облыс орталығына жақын аудандарға жіберіліп жатыр. Эпидемилогтар соңғы екі аптада вирустық инфекция жұқтырғандардың күрт көбейгенін айтады. Тұмаудың Н3n2 штаммы 50 ден астам адамнан анықтаған. Эпидемиологиялық маусым басталғалы облыстағы емхана мен ауруханаларға 50 мыңнан астам адам қаралған. Олардың 80 пайызы - балалар.
Ерік Мұсабаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Жұмыс күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр. Медициналық мекемелердің қабылдау пунктеріне қосымша бір-бір дәрігерден қостық. Сонымен қатар жұқпалы аурулар ауруханасына қажет болған жағдайда деп, тағы 300 орын қостық. Қазір инфекциялық ауруханада жүктемесі шамамен 88-93% құрап отыр. аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақты.