БҰҰ-ның гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқаны басталды

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Осындай атаумен БҰҰ-ның Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқаны басталды. Жаһандық бастамаға Қазақстан да белсенді атсалысып жатыр. Осыған орай бүгін Астанада көркем фильмдердің фестивалі ашылды. Онда Қазақстан, Қырғызстан және Непалда түсірілген төрт толықметражды туынды ұсынылды. Әйел өміріне төнген қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған көркем туындылар Астана мен Шымкент қалаларында тегін көрсетіледі. 

 Сарангo Раднаарагча, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі:

- Біз қазір гендерлік теңсіздікке қатысты көзқарасты өзгертуге күш салып жүрміз. Себебі зорлық-зомбылық түбегейлі тежелмей отыр.  Әлеуметтік таптаурындардан цифрлық қауіптерге дейін жетті. Сондықтан, өнер мен  қоғамдық пікірталас алаңдарын да зорлыққа қарсы күреске тартып отырмыз. Себебі түрлі фильмдер арқылы сыйластықты арттырып, әр әйелдің өзін қорғай алатындығын көрсеткіміз келеді.  

Әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде бір рет зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Біріккен ұлттар ұйымының дерегі бұл. Өкінішке орай, ғаламтор арқылы қорқытып үркітетіндердер де көбейген. Цифрлық кеңістік те қауіпті алаңдардың біріне айналып отыр. Сондықтан мұндай бастамалар әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне түрткі болады, дейді ұйымдастырушылар.