Қарағандыда жұмысшы мамандарға сұраныс бар

Қарағанды машина жасау колледжінде жыл сайын түлектердің 70%-на дейін жұмыспен қамтылады. Әсіресе слесарь, токарь және түрлі қондырғы операторлары жоғары сұранысқа ие. «Бұл өңірде жаңа зауыт пен фабрикалардың ашылуымен байланысты», - дейді оқу орнының ұстаздары. 

Шәкірттер жергілікті кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби тұрғыда шыңдалады. Колледжде оқу - тегін. Қазір білім ошағында 540 студент бар. Болашақ мамандарды даярлау үшін кәсіпорындардағы заманауи қондырғылар мен виртуалды оқу жабдықтары орнатылған. Мұнда техникалық үйірме жетекшілері мен шәкірттерге шеберлік сабағы жиі өткізіліп тұрады. Дәріс барысында мұғалімдер мен студенттер бірлесіп жасаған техникалық және әлеуметтік бағыттағы өнертабыстық жобалары таныстырылады. 

Михаил Фольц, Машина жасау колледжінің өндірістік оқыту шебері:

- Техникалық және әлеуметтік бағытта өте көп жобалар жасалды. Олардың арасында өзіміз ойлап тапқан металды тесетін, кесетін, майыстыратын шағын қондырғылар және спорттық жаттығу жабдықтары да бар. Бұл шәкірттердің кәсіби даярлық деңгейін арттырады және сонымен бірге еңбегіміздің нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Бұйымдарымыз өндірістік оқыту сабақтарда қолданылады.