«Alem.Cloud» платформасы іске қосылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютерлік кластер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім беруге арналған «Alem.Cloud» платформасын іске қосты.
Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты жүйелердің үздік 500 рейтингіне еніп, 86-шы орынға тұрақтады. Тұғырнама ресурстары енді заңды тұлғаларға қолжетімді. Атап айтсақ, мемлекеттік органдар, ғылыми және білім беру ұйымдары, стартаптар, жеке компаниялар, сондай-ақ Astana Hub резиденттері деректерді пайдалана алады.
Платформада қажетті баптауларды есептеп, құнын шығаратын арнайы калькулятор қарастырылған. Әрбір өтінім заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.