Ақтөбе облысында 15 жолаушы құтқарылды

Ақтөбе облысында күн райының қолайсыздығы салдарынан жол бойында бөгеліп қалған 53 адам құтқарылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жолаушылардың 15-і Белқопа ауылына жаяу бет алған жергілікті тұрғын. Ал қалғаны «Шымкент-Мәскеу» бағытында қатынайтын автобустың жолаушылары. Оның ішінде Өзбекстанның 11 азаматы бар. Жолаушылардың бәрі жақын маңдағы жылыту пунктеріне аман-есен жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ.