Камбоджа мен Таиланд шекарасындағы қақтығыс: 50 мың тұрғын үйлерін тастап кетті
Камбоджа мен Таиланд шекарасындағы қақтығыс салдарынан 50 мыңнан аса тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Екі тарап бір-бірін кінәлап отыр.
Таиланд әскері, Камбоджа қарулы жасақтары пайдаланған нысандарға соққы бергенін мәлімдеді. Ал Камбоджа, тай әскері бейбіт аймақтарды атқылады деп айып тақты. Шекарадағы ахуалдың қашан тұрақталатыны әзірге белгісіз.