БҰҰ: Йеменде әскери қақтығыс күшейіп барады
Бұлай деп Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдаушылық білдірді. Әсіресе Сауд Арабиясы бастаған коалицияның Ходейда портына жасаған әуе шабуылын айыптап отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Қақтығыстар салдарынан Таиз провинциясында гуманитарлық жағдай қиындаған. Азық-түлік қоры халық қажеттілігінің 10 пайызын ғана өтейді. Ал ас-су 60 пайыз, жанармай мен газ құны 300 пайыз қымбаттаған. Бұған қоса, дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың тапшылығы балалар мен жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуді қиындатып отыр. Ұйым тараптарды бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға соққы жасамауға шақырды.