Ауылдарда өрт сөндіру бекеті ашылады
Шығыс Қазақстандағы Сугатов ауылында өрт сөндіру бекеті ашылады. Қазір жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы орманды, астықты өңірде өрт жиі болады. Осыны ескеріп, ауылдарда тағы 35 бекет салынып жатыр.
«Шемонаиха ауданында 300-ге тарта шаруа қожалығы, 142 гектарға жуық егіс алқабы бар. Мал-жанды өрттен корғау басты міндет. Сондықтан заманауи өрт сөндіру пунктінің алғашқысы Сугатов ауылында ашылады. Қазір мекемені жабдықтау жұмыстары аяқталып қалды. Оған жергілікті кәсіпкерлер де қолдау көрсетті. Шығынға ұшырағаннан көрі, оның алдын- алған дұрыс», - дейді олар.
Әнуарбек Қажақанов, шаруа қожалығының жетекшісі:
- Аудан аумағы шағын емес. Елді мекендер көп шоғырланған жерден осындай бөлімше ашылғанын көптен күткен едік. Қыруар шығынға батқанан көрі осылай апаттың алдын алып, сақтанған абзал. Бұл жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ауыл құтқарушылары отыратын пункт қаладағыдан кем емес. Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен, стандартқа сай жабдықталды.
Көктем айларынан бері бұл маңда 50 рет өрт болды. Орман ортайып, шаруа қожалықтары шығынға ұшырады. Ал орталықтағы пунктен шашырап жатқан ауылдарға жету оңай емес.
Амангелді Еңсегенов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
- Мыңға тарта халық тұрады. Оны қорғаудың өзіне аудан оралығынан 15-20 км аралықта негізгі күш келгенше көмек көрсетіп, құтқарушылар қандай да бір шағымдарға шығып, көмек көрсетеді деген үміттеміз.
Көршілес Абай облысында осындай 9 пункт жұмыс істеп тұр. Нсындар орман мен егістік алқабына жақын орналасқан. Салалық министрлік болашақта еліміздегі барлық шалғай ауылға арнайы бекет салуды жоспарлап отыр.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин