Ақмола облысында ауыл шаруашылығындағы мәселелер көтерілді

Мәжіліс депутаттары да Ақмола облысында көшпелі отырыс өткізіп, ауыл шаруашылығындағы көкейкесті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды 24KZ. Жиынға агроқаржы институттары, халықаралық ұйымдар мен шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Кездесуде су үнемдеу технологияларын енгізу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысудың жай-жапсары талқыланды. Отырысқа өңірлерден онлайн форматта қосылған шаруалар өздерін алаңдатқан сауалдарын қойды. Барлық ұсыныстар Үкімет қарауына жіберіледі.

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің комиттетте әртүрлі ауыл шаруашылығына байланысты бағыттар қаралады. Бүгінгі біздің көшпелі отырысымыздың мақсаты – арнаулы «тігінен интеграцияланған» ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тәжірибесін қарау. Оның енді алдында осындай кәсіпорындардың тәжірибесін зерттеп, оны насихаттап, елге тарату деген Президенттің тапсырмалары болды.