Мұнай өңдеу саласының бағыттары белгіленді
Теңіз кен орнын кеңейту жобасы толық аяқталды. Үшінші буын зауытының іске қосылуы жыл сайын мұнай өндіру көлемін 12 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Энергетика министрі жылдық қорытынды баяндамасында мәлімдеді. Министр 2040 жылға дейін мұнай өңдеу саласын дамытудың нақты өндірістік бағдары бекітілгенін атап өтті. Бұған сәйкес, алдағы жылдары аталмыш сала қуаттылықты арттыру, өнім сапасын жақсарту және ғылыми негізделген технологияларды енгізуге ден қоймақ. Мұнай өңдеу көлемін қазіргі 18 млн тоннадан жылына 39 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл мақсатта қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауытын кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланған.