Еңбек еленген күн

Энергетиктер күні қарсаңында Президент қолынан марапат алғандардың қатарында елордалық Миржан Асрепов те болды. Еңбек ардагері бұл салада жарты ғасыр бойы аянбай тер төгіп келеді. 

Еңбек жолын Ақтөбе жылу электр орталығында жұмысшы болып бастап, энергетика министрлігінде департамент директоры лауазымына дейін көтерілген. Сала ардагерінің еселі еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен марапатталды.

Миржан Асрепов, Энергетика саласының ардагері:

- Өте қуаныштымын, үлкен алғысымды айтамын, менің жұмысымды, үлгерімімді көріп энергетика саласындағы. Биыл жұмысшыларды жылы ғой. Олардың тәжірибелерін көтеріп, жұмыстарын халыққа көрсету өте маңызды деп ойлаймын.