Қарағанды облысында жастар қарияларға көмектесті
Қарағанды облысының Саран қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ардагер педагогтар тұратын тұрғын үйлер мен техникалық колледж аумағында қар аршу жұмыстары жүргізілді.
Шараға «Жастар рухы» жастар қанатының Саран қалалық филиалының белсенділері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Акцияға шамамен 150 адам жұмылдырылды.
Ділназ Әшірәли, Саран техникалық колледжінің студенті:
- Тазалық өзімізден басталады. Бүгін өзіміздің колледждің ауласын жинап жатырмыз. Әр бейсенбі күні осылай жинап тұрамыз.