Семейде оқушылар сарайы ашылды
1991 жылы қолданысқа берілген Жастар сарайынан кейін өңірде мұндай кешен салынбап еді.
Енді жастар шығармашылық, зияткерлік және спорттық әлеуетін еркін дамытатын болды. Жаңа орталық бір мезетте 1 500 баланы қабылдай алады. Мұнда спорттық-сауықтыру, ғылыми-техникалық бағыттар бойынша ондаған үйірме жұмыс істейді. Оқушылар бассейнде жүзуді үйреніп, шығармашылық студияларда өнерін шыңдай алады. Сонымен қатар, сенсорлық бөлме мен сөйлеу қабілетін дамыту кабинеті, робототехника, және VR технологияларын қолданатын кабинеттер бар. Оқушылар сарайында түрлі байқау мен іс-шаралар ұйымдастырылады.
Темірлан Абылайхан, оқушы:
- Робототехникамен айналысып жүргеніме үш жылдай уақыт болды. Мықты қарапайым осы 3д принтерлердің өздері секілді түрлі принтерлер бар. Көптеген жабдықтар, кішігірім лего болсын қарапайым бастауыш сынып оқушыларына робототехниканың бастамасын үйреніп, дағдыларын қамту үшін.
Әсемгүл Ақпамбаева, ата-ана:
- Сенсорлық бөлме дейді. Бұл жерде балалардың эмоционалды күйін, сонымен қатар мінез-құлқындағы ерекшеліктері, тәртіптік компоненттері бұзылған, сезімталдығын баланың осы кабинеттегі ойыншықтар, жабдықталған тақталар арқылы тиімді болады деп ойлаймын.