Президент Инклюзивті спорт орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты.

Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен. 

🟦Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.

🟦Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады.

🟦Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі.

🟦Спорт және білім салаларында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін маман даярлауға айрықша мән беріледі.