«KEGOC» жұмысшы мамандардың беделін арттыруға ден қойды
Астанада жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде қорынтындыланды.
Онда биыл үздік нәтиже көрсеткен еңбек адамдары марапатталып, қарапайым қызметкерлердің еңбек жағдайы мен мәртебесін арттыруға, өндіріс қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жобалар талқыланды. Ал «KEGOC» компаниясы жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру үшін қандай шараларды қолға алған?
Еңбек жолын қарапайым электромонтер болып бастаған Әсет Мұстафа бүгінде білікті маман. «Сол тәжірибем қазіргі қызметімде де көп көмектесті», - дейді ол.
Әсет Мұстафа, «KEGOC» АҚ ҰЭТ-қа Технологиялық қосылу департаментінің менеджері:
- Өзімнің еңбек жолымды 2020 жылы «Астана РЕК» деген компанияда электромонтер болып бастағанмын. Содан кейін «KEGOC» компаниясына электр жеткізу желілері қызметіне жұмысқа кірдім. Содан бері өзімнің дәрежемді арттырып, қазір «KEGOC» компаниясында ұлттық электр тораптардың Технологиялық қосылу департаментінің менеджері боп жұмыс жасаймын.
Компания жалынды жастарды қолдап, оларға мүмкіндік беруге тырысады. Әсіресе тәлімгерлік институтын дамытуға, өндіріс қызметкерлері арасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға ден қойылған. Сондықтан электриктерді дайындайтын оқу орындарымен байланыс орнатылып, мамандарды даярлау үшін материалдық-техникалық және ақпараттық базаны қалыптастыру жұмыстар жүріп жатыр.
Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры:
- 2025 жылы 10 мыңнан астам студенттер тәжірибемен дуалдық оқудан өтті. 100-ден астам колледждер мен университеттермен меморандумдарға қол қойдық. Мысал ретінде айтып кетсек, бүгінде 100-ден астам коллдедж студенттері біздің өндірісте дуалдық оқудан өтіп жатыр.
Компания жұмысшы мамандардың біліктілік деңгейі жоғары болуына мүдделі. Себебі ол Ұлттық электр желісінің сенімділігіне, сондай-ақ тұтынудың өсуі мен жаңа технологияларды енгізу жағдайында энергетикалық жүйенің тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Авторлары: Серік Селеубайұлы, Досбол Байділдин