Атырауда логистикалық орталық ашылды

Атырауда аумағы 30 гектар болатын логистикалық орталық ашылды. Кешен теміржол тармағын, контейнерлік алаң, автопарк және көкөніс сақтау қоймасын біріктіреді. 

Мұнда температура мен ылғалдылықты автоматты бақылау жүйесі, заманауи тоңазытқыштар мен желдету жүйесі орнатылған. Сондай-ақ нысанның үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, энергия үнем-дегіш қондырғылармен қамтылған. Бұдан бөлек, орталықта банан жемісінің пісіп-жетілуіне қолайлы арнайы камера іске қосылды. 

Бауыржан Жолмұханов, логистикалық орталық директоры:

- Екі жыл бұрын біз облысымыздағы негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс логистикалық орталықтың құрылысын бастадық. Осы мақсатта Атырау облысына жеткізілетін өнімдердің өзіндік құнын азайту үшін А классты қоймалар мен теміржол тұйықтары салынды. Сондай-ақ сыйымдылығы 15,5 мың тоннаны құрайтын көкөніс сақтау қоймасын салуды көздедік. Бұл бастаманы ел Үкіметі қолдады.