Қазақстан үш жылда цифрлық елге айналады

Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналуы тиіс.

Президент биылғы Жолдауында осындай міндет қойды. Руслан Желдібайдың айтуынша, еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында қыруар шаруа атқарылды. “Жасанды интеллект туралы” Заңның қабылдануы – аталған саладағы жаңалықтың бірі. Осылайша Қазақстан ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге заң жүзінде негіз қалаған әлемдегі алғашқы елдердің қатарына енді. Аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды” деді ол. Тағы бір жаңалық Президент шілде айында Астанада Аlemcloud ұлттық суперкомпьютерін ресми түрде іске қосты.