Қарағанды облысында жолдар жабылды
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді.
Өңірден Астанаға, Топар ауылынан Жезқазғанға және Нұра ауылынан Ақмола облысына баратын жол учаскелері жабылды. Ал Павлодар, Қарқаралы, Алматы бағытындағы тас жолдар әзірге ашық. Полиция қызметкерлері жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.