Пиротехника саудасы қатаң бақылауда

Жаңа жылдың алдында қарбалас. Жұрт мерекеге дайындалады. Ойын-сауық та көп. Осы ретте көпшілік қызық үшін пиротехникалық заттарды жарыса сатып алады. 

Алайда мұның қауіпті екенін ескере бермейді. Осы себепті елде 1200-ден астам рейд жүргізілген. Нәтижесінде 250-ге жуық адамға айыппұл салынған. Бұл орайда тиісті құжаты жоқ өнімдер заңсыз айналымнан тәркіленеді. Айта кетейік, былтыр жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникадан 63 адам зардап шеккен.  

Елдос Зияда, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы:

- Пиротехниканы сату бойынша негізгі жұмыс 31-нен 1-не қараған түні өтеді. Әдетте сол күні бұйымдар қолданылады. Сол кезде өрт саны, адамдарға зақым келу жиі тіркеледі. Өзіміз де білеміз тауарды базарларда барлық жерде ашық сататынын. Соның барлығы қаралады.