Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды қаласы ерекше безендірілді. Live

Саябақтар мен скверлерге жарық шамдар ілініп, шыршалар мен түрлі инсталляциялар мерекелік көңіл-күй сыйлап тұр. 

Биылғы жаңа Жылға Қарағанды олимпиадалық тақырыпта безендірілді. Бұл алдағы қысқы Олимпиада ойындарының қарсаңында спортшыларымызды қолдаудың жарқын көрінісі. Қаладағы ерекше безендірілген жерлердің бірі - Орталық саябақ. Мұнда сәнді инсталляциялар, суретке түсу орындары, түрлі мүсіндер орнатылған. Ал жұлдызды аспан астындағы үлкен мұз айдыны көпшіліктің сүйікті орындарының бірі. Шанаға бұғы мен ит жеккен эскимостар да саябаққа ерекше сән беріп тұр. Қаланы безендіруде қолданылған басты элемент – жарық шамдар. Қыста күн қысқа, қараңғы уақытта шамдар айналасын сәулелендіріп қана қоймай, көшеге сән беріп тұрады. Қазір менің жанымда саябақтар басқармасының бас инженері Әлібек Мұқашев тұр. Биылғы саябақты безендірудің ерекшелігі туралы айтып берсеңіз?

Қаланың барлық аудандарында осындай мерекелік атмосфера қалыптасқан. Бірнеше жерде мұз айдындары мен сырғанақтар жұмыс істеп тұр. Халық көп жиналатын аумақтарға шыршалар, түрлі инсталляциялар орнатылып, Қарағанды  нағыз ертегі шаһарына айналған.