Елде мерекелік сауда қыза түсті
Енді санаулы сағаттардан соң жаңа жыл төрімізге енеді. Еліміздің барлық қала, аудан-ауылдары ерекше кейіпке еніп, тұрғындарды мерекелік сезімге бөлеуде. Ал ірі қалаларда сауда-саттық қыза түскен. Сауда орындарында ұзын-сонар кезекте тұрған жұртшылық сыйлық іздеп, жақынын қуантуға асық.
Жаңа жыл қарсаңында елордадағы сауда орталықтарында Астананы тамашалауға келген қонақтарды да кездестіруге болады. Олар бас қалананың көрікті жерлерін аралап, мерекелік көңіл-күйүге бөленді. Елорданың әсем безендірілі де ерекше әсер сыйлайды - дейді меймандар.
Ірі сауда желілері келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс уақытын ұзартқан. Сауда сөрелерінде тауардың түр-түрі ұсынылып, сатып алушыларға арнайы жеңілдіктер мен акциялар қарастырылған. Жақындарына қуаныш сыйлау үшін бағалы сыйлықтар тарту еткісі келетіндер көп. Тұрмыстық техника, қымбатты әшекейлердің де саудасы қызған тұс.
Ал сарапшылар Қазақстандықтар жаңа жылда жиі сыйлайтын тауарлардың тізімін атады. Ең танымал сыйлықтар қатарында гаджеттер, косметикадық бұйымдар, балалар ойыншықтары бар. Бірақ бастысы - жақыныңа деген шын көңіл пен қамқорлық - дейді елордалықтар.
Авторлары: Асылжан Құрманғали, Ақылбек Есімсейітов