Блиц: Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп
Жылан жылын оралдықтар да айтарлықтай табыспен қорытындылады.
Жолдар жөнделіп, мектеп, аурухана мен спорт кешендері бой көтерді. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар рет-ретімен жүзеге асты. Өткен жылға өкпе жоқ деген батысқазақстандықтар жылқы жылынан зор үміт күтеді.
- Бір сөзбен айтқанда, өткен жылды үміт берер жыл деп бағалар едім. Биыл еліміз үшін ең бастысы еліміз аман, халқымыз тыныш, бейбітшіліке өмір сүріп жатырмыз. Ең бастысы осы.
- Әлемге танымал «Реал» Мадрид клубының «Қайрат» командасымен бірге футбол ойнағаны Қазақстанды өте танытты деп ойлаймын. Және Дженифер Лопес, Эйкон секілді танымал жұлдыздар келді. Соның бәрі Қазақстанның туризмін дамытуға үлес қосты. Биыл танымал тұлғалар әрине Темірлан Анарбеков, қақпашымыз «Қайрат» клубындағы, одан кейін Димаш Құдайбергенов.
- Елімнің халықаралық аренадағы өзінің орыны әрдайым жоғарыда деп ойлаймын. Мен үшін елдің тұрақтылығын сақтап, көршілес елдермен достықты нығайтуда, барлық елді жақсылыққа шақыруда ең үлкен, бірден бір саясаткер біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев деп айта аламын.
- Президенттің жаңа жылдық құттықтауын күтеміз әрине. Отбасымызбен отырып тамашалап қараймыз. Жаңа жылға үмітіміз зор. Барлық Қазақстан халқына ең бастысы зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Аспанымыз ашық болсын, жаңа белестерге, шыңдарға бірге жетейік!