Жаңа Конституция жобасының маңызы. Блиц
Бүгінде жаңа Конституция жобасы талқыланып жатыр.
Ата Заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жан-жақты қаралады. Ел дамуының келесі кезеңіне қадам басқанымызды айшықтайтын тарихи құжат несімен маңызды болмақ? Елордалықтардың Конституцияны жаңғырту туралы ой-пікірі қандай?
БЛИЦ:
- Ата заңымыз қабылданғаны жақсы ғой. Бізге тиімді. Заманға сай өзгеріп отырғаны дұрыс. Қазір жастар өсіп келе жатыр, даму керек, өсу керек дегендей.
- Біздің мемлекет халық жағдайын ойлайды ғой. Көбірек халыққа қарай ыңғайлы болса, тіпті жақсы болушы еді. Қазіргі заман бұрынғымен сәйкес емес қой көп нәрсе. Соған қарағанда өзгергені дұрыс. Бірақ біздің салт-дәстүрді ұмытпау керек.
- Ата заң деген бір қалыптасты, бір қалыптасып, бір болуы керек. Бірақ ол қай мағынаны білдіреді бізге? Егер Ата заңымыз өзгеріп, жақсысынан өзгеріп, біздің халқымызға, әрі қарай дамуымызға жақсы әсер туғызса, онда әрине біз қолдаймыз.
- Ата заң ел болашағына маңызды, еліміз жыл сайын жаңғыруда. Заңның халықтың ойына қарай шыққаны дұрыс. Себебі қазір көп заң бар керексіз. Оның керекті жағын салып Ата заңға, керексізін алып тастаған дұрыс болар еді.
- Жаңғырту дұрыс шығар заман талабына сай, бірақ біз қазақ халқы болғаннан кейін ата-бабамыздың салып кеткен дәстүр-ғұрпына қайшы келмесе жарайды. Және де осы заңдар халыққа, елге пайдалы болса екен, зияны тимесе. Біздің артымыздан ерген ұл-қыздарға пайдалы болатындай болса деп ойлаймын.