Алматыда мереке күндері 20 адам пиротехникадан жараланды
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері 20 адам пиротехникадан зардап шекті.
Оның 11-і бала. Ең кішісі 4 жаста. Отшашудың кесірінен жарақат алғандардың барлығына дерлік медициналық көмек көрсетілді. Жалпы қаланың жедел медициналық жәрдем қызметі 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейіні 11 мыңнан астам өтініш қабылдаған. Тіпті үш әйелді аман-есен үйде босандырып алған. Дегенмен, мамандар жедел жәрдем шақырушылар орташа тәуліктік көрсеткішпен салыстырғанда аз болды дейді. Жаңа жылда тәртіп сақшылары да күшейтілген режимде жұмыс істеді. Полиция департаментінің хабарлауынша, Алматыда демалыс күндер тыныш өткен. Ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Андрей Ложкин, қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары:
- Биыл пиротехникадан 20 адам жарақат алды. Деңгейі әртүрлі. Жеңілі де бар, ауыры да бар. Мереке күндері тәулік бойы желіде 189 бригада жұмыс істеді. 500-ден аса қызметкер еңбек етті. Көбінесе тұрғындар тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша, сондай-ақ жарақаттар мен улануларға байланысты жедел жәрдемге жүгінген.