Қостанай облысында цифрландру тақырыбы талқыланды

Қостанай облысында дәрі-дәрмектің 70 пайыздан астамы электронды рецеппен беріледі.

Медициналық анықтамалардың басым бөлігі цифрлық форматқа көшірілген. Қостанай облысының Лисаков қаласындағы емханада болған Мәжіліс депутаттары осы үрдістің мән-жайымен танысты. Ең бастысы жасанды интеллект элементтерінің еңгізілуі дәрігерлерді қағазбастылықтан құтқарып, пациенттердің мемлекеттік қызметке қолжетімділігін жеңілдетті. Президент үш жылдың ішінде Қазақстанды, цифрлы елге айналдыру керек деген мақсат қойды. Стратегиялық міндетті жүзеге асыруда, әр жобаның халыққа тиімділігін, қолжетімділігін қамтамасыз ету керек - дейді Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл.

Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Цифрлендірудің ең үш негізгі мақсаты бар. Ең басты бірінші ол әрбір болып жатқан процестер ашық болу керек, бұл - ашықтық. екінші бұл қолжетімділік, үшінші бұл кәдімгі күнделікті жұмыстағы көмек. Әкімшілік шешім ол үшін керек, ол үшін қаржыландыру керек. Ол үшін халықты дайындау керек. Ол үшін бізде кадрларды даярлау қажет. Сондықтан бұл үлкен кешенді мәселе.