Реновация бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

Елімізде реновация бағдарламасы аясында білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары және тұрғын үйлерді жаңғырту жүріп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биыл 400-ден аса білім ошағы жаңғыртылады. 

Сондай-ақ 2026-2028 жылдар аралығында еліміздің 17 өңірінде 48 жаңа денсаулық сақтау бөлімі салынады. Онда кардиология, гастроэнтерология, пульмонология, эндокринология, ревматология және гематология бағытында қызмет көрсетіледі. Мыңға тарта төсек орынның жартысы балаларға арналады.

25-і биыл Ұлытау, Қызылорда, Қостанай және Жетісу өңірлерінде іске қосылады. Аймақтарда тозығы жеткен үйлер де жаңғыртылып жатыр. Көптеген отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алды. Халықтың қауіпсіздігі де маңызды. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ел аумағында 154 ерікті өрт сөндіру пункті ашылды.