Ескі үйлер реновация бойынша жол картасы аясында сүріледі

Өңірлерде ескі үйлерді сүріп, азаматтарды жаңа баспанамен қамту бойынша жол картасы түзілді.

Жоспар 2029 жылға дейін орындалуы тиіс. "Реновация" аясында ел аумағында 30 мыңнан аса апатты және тозығы жеткен нысан сүріледі. Жоба жергілікті бюджет есебінен, жеке инвестиция, қаржы институттары бөлетін қарыз негізде жүзеге асады. Сүрілген үй иесіне ғимарат аумағымен шамалас пәтер беріледі. Ал тұруға арналмаған ғимараттардың ақысы өтеледі.