Өскеменде 2000-нан астам тұрғын сусыз қалды
30 градус аязда Өскеменде 2000-нан астам тұрғын сусыз қалды.
Екі бірдей су құбырында ақау шығып, жедел жөнделіп жатыр. Қалалық су құбыры мекемесінің мәліметінше, сағат 10:30-дан бастап алты көпқабатты және 805 жеке үй, сондай-ақ № 26 мектеп сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылды. Жергілікті әкімдік, мамандар төтенше жағдайдың салдарын жойып, қалыпқа келтіру үшін жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады.