Ұлттық құрылтайдың секция отырыстары. LIVE

Сыр өңірінде Ұлттық құрылтай секцияларының отырысы өтіп жатыр.

Елдің түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса азамат өз ойларын ортаға салуда. Дәл қазір екі секция отырысы қатар өтіп жатыр. Қандай мәселелер көтерілді? 

Бекзат Аманов, тілші:

- Күннің көзі сынық сүйем көтерілгеннен Қызылордада ұлттық құрылтайдың қарбаласы күшейді. Секция отырыстарына қатысу үшін елдің түкпір-түкпірінен әр саланың серкелері келген. Жай келмеді, ұстамды ұсыныс, оймақты ойларымен келді. Отырыста алдында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева биылғы басқосу туралы ақпараттармен бөліскен. Алдымен соны тыңдайық.

Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:

- Барлық өңірлерден жиынға 100-ден аса құрылтай мүшелері  қатысып отыр. Түске дейін әлеуметтік мәдние даму, білім мен ғылым секциялары өтеді. Түстен кейін «Азаматтық қоғам» және  «Экономикалық даму» бағыттары бойынша секциялар өтеді. Жалпы бүгінгі күні төрт секцияның жұмысын ұйымдастырамыз. Барлық ұсыныстар ұлттық құрылтайдың хатшылығы арқылы мұқият зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады. 

Түске дейінгі отырыстар 1 сағат бұрын басталды. Қазір қызу талқы жүріп жатыр. 

Анар Фазылжан, Ұлттық құрылтайдың мүшесі

Түстен кейін «Азаматтық қоғам» мен «Экономикалық даму» мәселелері қаралады. Ал Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20 қаңтар күні жоспарланған. Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады. Бұл туралы Президенттің көмекшісі әрі Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.  Марал, мендегі ақпарат әзірге осы. Сөз кезегі өзіңізде. 

Сыр өңірі ұлтымыздың тарихындағы тағдыршешті шешімдер шыққан отырыстармен белгілі. Осы ретте бұл отырыстың ерекшелігі қандай?

Иә, биылғы ұлттық құрылтайдың ерекше тарихи мәні бар. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 1 ғасыр бұрын, яғни 1925 жылы Ақмешіт қаласында Қырғыз АКСР Кеңестерінің V съезі өткен еді. Сол отырыста бұрыңғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда ел астанасы болған. Оған қоса Ахмет Байтұрсынұлының халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. Осылайша Сыр өңірі 100 жыл бұрын тарихи маңызы бар екі шешім шыққан аймаққа айналды. Тағы қайталаймын бұл шешімдер 5 съезде қабылданды. Ал араға ғасыр салып, ертең  Ұлттық құрылтайдың бесінші сьезі өтеді. Сандарда осындай сәйкестік бар. Ал бұл жолы қандай бастамалар көтеріліп, не айтылатынын алдағы уақытта білеміз.