Мал шаруашылығын дамыту қадамы
Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарында мал басының өнімділігін арттыруға басымдық беріледі.
Жасанды ұрықтандыруды қолдау шаралары кеңеймек. Кешенді жоспарды іске асыру аясында ірі қара мал басын 12 млн-ға, ұсақ қара малды 28 млн басқа дейін ұлғайту көзделеді. Орташа тәуліктік салмақ қосу және бір сиырға шаққандағы орташа сүт өнімі 12 мың келіге дейін артады. Ет өндірісін де арттырып, экспортты 2 еселеу міндеті тұр. Жайылымдық жерлерді тиімді пайдаланып, мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінеді. Жауапты министрлік бұл бағытта бірыңғай кредиттік өнім қолдау шарасы іске қосылатынын жеткізді. Сондай-ақ биыл шалғай жайылымдардағы мал шаруашылығына маманданған 200 шаруашылық құру жоспарланып отыр. Саланың кадрлық әлеуетін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар да көзделген.